Жаңай Зорбайұлы кесенесі

Жаңай Зорбайұлы туралы

Адай — Келімберді — Тобыш — Ораз — Жайық — Әлмәмбет — Зорбай. Осы Зорбайдан 5 бала: Төлеке, Жаңай, Тоқабай, Өтеғұл, Құлбай. 5 ұлдың бірі Жаңай шамамен 1710 жылы өмір сүрген делінеді, қанша жыл өмір сүргені белгісіз.

Арман Нұрғазытегінің фейсбук парақшасынан:

Көне көз қарияларымыз Мұңалжар тауының Алғиға қараған етегінде Жаңай атты шағын өзеннің бар екендігін және атамыздың сол судың бойында туылғандығы жайында айтып отыратын. Жем бойындағы Бақашы деген әулиелі жерде жерленген. Қалмақ даласында төңкеріске дейінгі әкімшілік — аумақтық бөліністе Жаңай ұлысы болған. Торғауыттардың көп жыл бойы Жем бойын билегендігі белгілі. Соған байланысты сол ұлыстың аты да жоғарғыдағы өзенге орайлас болуы мүмкін. Еділдің сағасындағы Қиғашқа құятын кішкене өзеннің аты да — Жаңай. Жаңайдың бәйбішесі Қарабике — Үйсіннің (Ошақты) қызы. Тарихқа танымал Үйсіннің үш Бикесінің бірін Кіші Жүздің бір айтулы адамының алғандығы айтылады. Біздің түпкі анамыз мүмкін сол Бикелердің бірі шығар. Әзірге ол шежірелік — хронологиялық, архивтік зеріттеудің еншісі болып қала тұрсын…

Жаңайдан 5 бала: Қожаназар, Әлі, Тасым, Рысбай, Тоян.

Жаңайдың жатқан жері Құлсарыдан шығысқа қарай 18 км жерде Жем өзені бойындағы Бақашы әулиесінде деген болжам бар. 2010 жылы Жаңай Зорбайұлы ұрпақтары жиналып Бақашы әулиесінде ас беріп Жаңайға мемориалдық ескерткіш орнатты. Бақашы қорымының координатасы: 47°03'11.9"N 54°13'51.7"E 

Жаңайдың шежіресін мына сілтемені басып қарауға болады.