Ұста, шебер — Қалмамбет Дүйсенбайұлы

Маңғыстау тарихи-мәдени ескерткіштерге бай өлке. Мұнда жергілікті адай халықының қолмен салған көптеген күмбезтам, сағанатам, құлпытастарды көруге болады. Бұл әрине жергілікті халықтың сәулет өнерін жете білгенін анық көрсетеді. Сол көптеген сәулет өнері иелерінің бірі ұста, шебер — Қалмамбет Дүйсенбайұлы. Қалмамбет Жаңайдың-Тасым-Жидебай-Дүйсенбайдың ұлы. Қалмамбеттің қалдырған мәдени мұраларын Оңды ауылының қасындағы Қамысбай қорымынан көруге болады. Әрі қарай Қалмамбет еңбегі туралы төменгі Дәулет Ізтілеудің мақаласынан оқуға болады.

National Digital History интернет порталы бірегей діни сәулет ескерткіштеріне саяхатты белгілі архитектор Алмас Ордабаевтың эксклюзивті фотошежірелерімен жалғастырады.

ХІХ ғасырда Маңғыстау халық шеберлерінің сәулет өнер тәжірибесінде елеулі ілгерілеушіліктер пайда болды, ол нысандарды байыту оларды өңдеу және жақсарту жағынан байқалады. Болаттан жасалған екі қолды аралардың пайда болуы, жергілікті ірі тастардан жасалған қаптама тақташалар бетін тегіс етіп өңдеуді оңайлатты. 

тарихи ескерткіш Күмбезді кесене түрі ХІХ ғасырдың соңы

Қасбеттер, күмбездік кесенелер интерьерлері мен сағана-тамдар пішінді бұранда мен әртүрлі полихромды жазбалармен безендіріле бастады. Жазбалар үшін минералды және органикалық бояғыштар қолданылған.

мүйізді мазар  Мүйізді мазар

Олардың кейбіреулері Хиуа, Астрахан, Орынбордың арнайы базарларынан алынған болса, ал басқа шеберлер Маңғыстау тауларындағы әр түрлі өсімдіктерді пайдалана отырып, түрлі-түсті саздан дайындаған. Бұл өңірдегі ескерткіштерден басқа, бірнеше кесенелердің тізімдемелерінің көшірмелері мұқият зерттелген.

Байжанақ мазары  Байжанақ мазары, 1901 жыл

Күмбезді кесенелер интерьерлер жазбалары жаңа жазылған балғындылығын сақтаған. Кесенелердің және сағана-тамдардың орын-жайларының қасбеттерінде су, жел мен күннің әсерінен бояулардың түр әлпеті бірталай өзгерістерге ұшыраған. Кейбір түстер күннің көзінен тастан да ашық түске айналып кеткен болса, кейбіреулері қара немесе қоңыр түстер сынды көрінеді.


Байжанақ   Байжанақ мазарының кескіні, 1901 жыл

Осы себепті Маңғыстау ескерткіштерінің бірінші зерттеушісі М. Мендіқұлов оларды қаралы үн түстері деп санаған. Интерьер және қасбеттердегі жер бедері қабаттарының көлеңкеленген түрлі-түсті бояу қалдықтар жазбаларын салыстыра отырып, біз қайта жаңарту жұмыстарын жүргіздік.

тарихи ескерткіш

Еш «қаралы» түстер көрінбеді. Көріп отырғанымыздай, тізімдемелер сипаты керемет көрінді және ешқандай «қаралы» түстер ізі байқалмады. Бұл хабарламада Маңғыстау өңірінде ондаған ірі кесенелер және жүздеген кішігірім сәулет туындыларын жасаған, өз ісінің шебері, ұста Қалмұханбеттің жұмыстары көрсетілген.


    Қамысбай мазары, 1901 жыл

Бұдан басқа, ол өзінің ұлдары мен бірнеше шеберлерден тұратын жергілікті мектеп ашқан. Қалмұханбет әр жақты шебер еді. Ол сәулет өнерін, құрылыс саласы мен әрлеуді қатар меңгерген.Сауатты тұлға ретінде каллиграфиямен айналысып, өзінің туындыларына жазуларды түсірген.

    Қамысбай мазары

Қорым эпиграфикасын ескере отырып, мен оның қолтаңбасын бірден таныдым. Оның шағын құлыптастағы жазбаларының бірі мені таңырқатты. Әдетте, мұсылман мазарларындағы жазулар мына үлгіде: «Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед – оның елшісі».


Одан әрі жерленген адам туралы ақпарат беріліп, шебердің қолтаңбасымен аяқталады. Мұндағы көргенім – «Құдай жоқ, шебер Қалмұханбет»!!!


   Бибіш кесенесі

Осы арқылы Маңғыстау шеберлерінің шынайы кәсіпқой екендігіне көзіміз жетеді. Өзін сәулет өнерінің нағыз майталманымын деп санаған адам ғана өзін осыншалықты жоғары бағалай алады.


   Бибіш кесенесінің суреті

1907 жылы басқа кесенелерден ерекшеленетін, өте ашық күмбезді кесенелердің бірі Бибіш кесенесін өзінің жұбайына арнап салған. Бірнеше жылдан соң Қалмұханбетті жер қойнына осы кесенеге тапсырды. 

   Бибіш кесенесі, 1907 жыл, Қалмұханбет шебер 
   Бибіш мазары
   Бибіш мазары

   Бибіш кесенесі оң жағынан
   Бибіш кесенесі сол жағынан

Бибіш кесенесінің ішкі көрінісі

Бибіш кесенесінің қазіргі таңдағы фотосы

 

(c) Дәулет ІЗТІЛЕУ,  Суреттер Алмас ОРДАБАЕВтың жеке архивінен

Источник: © e-history.kz