Тасым қорымы, Айт қойтасы

Тасым қорымы (фото)

Тасым қорымы Боранқұл елді мекенінен 40 км оңтүстік-батыс бағытта орналасқан. Координатасы 45°49'45.1"N 54°19'15.8"E. 

Тасым атамыз жасы ұлғайып, өлер шағы таялғанда балаларын, ағайын-тумаларын, өз қатары Қаратоқай-Беріш Итемгенді шақыртып алып, өзі өлгеннен кейін үстіне ескерткіш орнатуды тапсырыпты. Тамшы шеберлерді іріктегенде таңдау өз баласы Жидебай мен Зорбай баласы Құлға түсіпті. "Ескерткішті таудың тасынан салайық па?" — деп сұрағанда: "Жылқының сүті, ешкінің түбіті мен жылқының қылы, түйенің шудасы, ебелек жеген жылқының тезегі, Қарағұмның топырағы мені біраз ұрпағыма жеткізіп салар. Осы бір биіктің басына орнатыңдар" депті. Уақыт өте келе там балшықтан салынған соң өзінің бастапқы бейнесін жоғалтқан, 1997 жылы Тасым ұрпақтары тамды жаңартқан.

Бұл қорымда Тасымның тумаласы Әлінің баласы Айт жатыр. Кезінде Жаңайға тірелген әңгіме осы Айттың ауылында шешілетін болған екен. Фотода 22 номерлі қойтас Айттыкі.