Маңғыстау

Сайт туралы

Бұл сайт Зорбайұлы Жаңай және оның ұрпақтары туралы тарих, оқиға, шалдардан қалған әңгіме ұмыт болмас мақсатында ашылған. Және де қазіргі жас ұрпақ кітапқа қарағанда компьютер, телефон, смартфонға жақын болғандықтан электронды форматтағы сайт өзіне көп оқырманды тартады деген үмітпен ашылған. 

Сайттың басты мақсаты —  тарих, оқиға, аңыз-әңгімелер, белгілі тұлғалар туралы деректер және олардың шығармашылығы, жыр-дастандар, тарихи ескерткіштер туралы ақпарат бір сөзбен құнды деректерді жазып жинап адамдарға қол жетімді ақпаратты электрондық түрде жеткізу.

Ата-бабамыздан қалған аңыз-әңгімелер, оқиғалар, тарихи ескерткіштер біздің қолымыздағы баға жетпес мәдени мұра. Осы мұраны көзіміздің қарашығындай сақтап, қастерлеп келер ұрпаққа жеткізу біз үшін АМАНАТ!

 

Сайтқа қосар деректеріңіз болса сілтемені басып өтіп жолдауға немесе admin@zhanai.kz поштасына тіке жазуға болады.