Нұр қорымы

Нұр қорымы

Нұр қорымы — Атырау облысында Жылыой ауданында орналасқан (Мұқыр бекетінен 50 км оңтүстік бағытта орналасқан. Координатасы: N 47°37'32.68" E 53°50'15.14").

Зорбайдың бес баласы: Жаңай, Тоқабай, Төлеке, Өтеғұл, Құл қыста Маңғыстаудың қара ойы Қаратау бойларын жайласы, жазда арқа Жем-Сағыз, сонау "Көкжар" жəрменкесі Ойыл өзеніне дейін жайлаған. 

Нұр — Жаңай-Әлі-Алдабергенінен тарайтын Азынабай қажының баласы. Нұр Жем-Сағыз өзендерінің арасында жерленген, тамынкесекті күмбез қылып қаланған. Кейіннен қасына басқа да адамдар қойылып "Нұр қорымы"  аталып кеткен. Қорымда Жаңай-Әліден тарайтын басқа да ұрпақтары кездеседі.

Күмбезтам, қойтастағы арабша жазудың аудармалары:

  • Кесекті күмбезтам: а) ішіндегі сырланған  қойтас: Азынабай қажы ибн Нұр 85 жасында уфат 1320 санда (1902 ж.) ә) жарда қызыл кірпішке жазылған жазу: 1909-шы жылда бінә істелді. 80 жасында уфат ұстасы Досжан бин Ожан. Қораз бин Нұр баласының қаражаты.
  • Екінші кесекті күмбезтам дулыға пішінді: а) жарда қызыл кірпішке жазылған: Әмір Азынабайұлы 50 жасында уфат болды Азынабай Нұр ибн 1918 жылда. Әлі ауылының қазағы Әмір Азынабай ұлы 50 жасында уфат, расхот 100 қой, 2 қара, 1919 жылда 25 күнде тамам. ә) Құттығұл Бөбетай ұлы 20 (70) жасында уфат болды 1919 жылда, Нұр ауылының қазағы. 
  • Қойтас: Бәжек бин Көңілімқос руы Зорбай. Молдаберген
  • Қойтас: Әлі-Тасым ауылы Мәку Әкім бин 24 жасында уфат. Шопан
  • Қойтас: Ағнияз Махамбет ұлы 62 жасында уфат болды 1328 (1909 ж.) Шопан
  • Қойтас: Балдай Ағнияз ……..?

(c ) Ақпарат "Н.Құлбай — Арал-Каспий аралығы тарихи-мәдени ескерткіштеріндегі араб графикалы мәтіндерінің анықтамалығы" кітабынан алынды. Фото Кенжебайтегі Тоқабай Калдыбек  фейсбук парақшасынан.