Маңғыстау жер-су атаулары, Өскінбай

Өскінбай жырындағы жер-су атаулары

Өскінбай бірде Борсымұрын-Қарабас мекеніндегі Балқасым бидің ауылына келеді. Болыс, билердің арасында отырған Балқасым үйге кіріп амандасып болған Өскінбайға: 
– Әй, Өскінбай, сенің жыршы екеніңді білейін, мынау Қаратүйе-Манатадан бастап теңізді жағалай Маңғыстаудың жер-суын түгел жырлап өтші, – дейді. 
– Айтқаныңыз болсын, бәске не тігесіз? – дейді Өскінбай. 
– Не сұрасаң соны беремін. 
Балқасым бидің қалыңмалмен матап жас қызды тоқалдыққа алғанын, ол қыздың арманда қалған сүйген жігіті барын білетін ақын: 
– Жас тоқалыңызды бересіз бе, айтқаныңызды орындасам? – дейді. 
– Әй, не деп көкіп отырсың? – деп шу ете түседі төрдегі билер. 
– Жә, елде қыз құрып қалған жоқ. Жырлай алса айтқаны болсын, – дейді Балқасым. 
Би осыны айтысымен, Өскінбай домбырасының бұрауын түсіріп алады да ағытыла жөнеледі: 

 

Төменде жер атауларын басып картадан жеке қарауға мүмкіншілік бар (картаның "Спутник" режимімен қараңыз)

Жер-суларды Google картасынан толық көру үшін сілтемені басыңыз

Мақалада жер-су бойынша қате байқасаңыз поштаға жазып хабарлаңыз