Қожаназар тамы

Жаңайұлы Қожаназар

Жаңайдың ұлы Қожаназар бай, қой аузынан шөп алмайтын момын, жуас адам болған. Тоқабайдың көп баласы оның малын қерек уақытында шетінен алып жей берген. Қожаназар бай ас ішіп, ат мінген батырларға былай дейді: "Менде бала жоқ, артымда із қалар ма екен, ұлтын, түрін талғамаймын, маған қыз я əйел əкеліп беріндер" — дейді. Шылымның немересі Кенженің баласы Қонай (Адай жəне баска да Кіші жүз батырлары калмақ Акже ханды шапканда) көп жесір əкеледі. Қожаназар естіп, барса, жүрт үлестіріп алып кетіпті, тек бір жесір əйел калган екен. "Осыны алмасаң, баска ешкім калмады" дейді. Ол əйел екікабат екен. Бай ренжиді. Сонда калмақ əйел айтыпты- мыс: "Бай болсаң, мені ал, мен де елімде қойны толы ұл, алды толы мал, сондай өскен тұқым едім" депті. Оның үстіне Қонай батыр да "ал" деп айта берген соң Қожаназар былай депті-міс: "Ішіндегі бала ұл болса, кьізынды беремісің?" дейді. Қонай батыр "Беремін" деп уəде беріпті. Қожаназар əйелді алыпты. Айы-күні жетіп, əйел аман-есен босанады, ұл туады. Оны Қожаназардың бəйбішесі Қарабике етегіне орап алады. (Қарабике — Сабытайдың Жандай деген баласының қызы). Əйел тағы да ұл туады, оны өзі асырайды. Бəйбішенің баласының атын Шомақ, əйелдің баласының атын Сəркен қояды. Тағы бір үл туады, оның атын Таган қояды. Шомаққа Байбакты Шолан батырдың қызын əпереді. Шомақтың қайыны — Байбакты Шолан батыр, Сырым Датов — оның немересі. Ел аузында мынандай сөз бар: Сырымға ас береміз легенде, Шомақтың балалары мың қой, жүз жылқы қосыпты. Қожаназар: "Ұл туса — қызымды берейін" деген уəде бойынша досы Қонай батырға құда түседі, Конай батыр Бегеш деген баласымен туысжалғыз қызын Сəркенге береді. Қожаназардың өзінен туған Тағанға Есенқұлұлы Есек батырдың қызын əпереді. Қожаназардың екінші əйелінен (біреулер інісі Көпен өлгеннен кейін қелін алган дейді) Түнғатар мен Шонты туады. Орта жүзден шыққан бір жігіт қеліп Қожаназардың малын бағады да, бала болып қіреді, оның аты — Есберді.

Қожаназар 80 жаска келгенде Əлімнің бір байына (аты есімде жоқ) қонаққа барыпты, еқеуі дос еқен, сонда қонақ болып жатып, ойлаған көңілін айтыпты. Ол байдың Ақшолпан деген айдай ару қызы болады, соны сұрапты. Бай мен Қожаназар ренжіспеген дос адамдар екен, бай ел- жүртын жинап ақылдасқандары малдан қашыралық деп жас сайын бір өңнен 80 бие, тағы қалыңмалын сүрайды. Қожаназар сұраған малын түгел береді. Кейбіреулер 80 қарақызыл, кейбіреулер 80 торы дейді. Ақшолпан шешемнен Қожаназар 81 жасында бір ер балалы болады, атын Қошан қояды. Баска бала болған жоқ. Бір білем деген қісі айтыпты- мыс: — Эй, бай, бұдан 5-6 жыл бұрын алғанда үш-төрт бала болатын еді, оған бірінші 81 айыпты, екінші жайдақатпен қашағанды көп куып едің, соның да əсері болған болар, — дейді. Енді бала болмайды-мыс депті.

Қожаназар туралы тағы да бір-екі ауыз сөз. Адай түрікпенмен бітім жасап, ел араласқанда түрікпеннің Абдал деген руындағы Əжнияз деген бегімен Қожаназар дос екен, ол байта "малың қөп" деп, Қаратаудың Оңды деген жеріндегі Қызылтам деген бұлағын беріпті. Өзі теңіз жағасында балық аулап отырады екен. Əжнияздың ауылы Қрлтықдеген жағаны (казіргі Шевченко қаласында тұрған жата) меқендеген. Бір жылы Қожаназар қой, түйесімен ерте көшіп, Тағанды Маңғыстауда көктемде жүнін тастасын деп малшыларымен, жылқымен досының ауылында калдырып кетеді. Таған жас жігіт əрі байдың баласы, айттырулы қызы да бар. Бектің үйінде калмақтан келген сұлу қыз болады. Бек ол кьізды бір баласына əпермек болып жүргенде ол кыз Тағанмен көңіл қосады. Таған жылқыны елдің соңынан жіберіп, өзі тəуір деген ат-айғырды тандап алып каңтарып қойып, бірнеше кұннен кейін сұлуды алып қашады. Арада бір қонып, ат жайып, демалады. Көшкен елден калган бір қой сайға қептеліп тұрады. Көңілі өсіп келе жаткан жігіт қойды ат үстінен көтеріп алмақ болып еңкейіп, ала алмай жатқанда дəретқе кеткен қыз оны көріп: "Қой өліп қалады ғой, шықса — иесіне, шықпаса — арам, аштан өлтірмелік, алып қетеліқ", — дейді. Қыз атына мініп тұрып, Тағанның "жүр-жүр" дегеніне қарамай, қойды қөтеріп алады. Тағанның осы əйелінен бес бала туады: Қарабай, Мара, Қылыш, Досы, Барақ Барақжастай өледі. Осыған қарамастан олар өздерін "бес қалмақ" деп атайды. Олардың бəрі де денелі, ірі, қайратты жігіттер болады. Қалмақшешеміздің аты Сұқсұр еқен. Сірə, Сұксұр деген калмақ тілінд е сұлу деген сөз болса керек.

Күзде Маңғыстауға келгеннен қейін Қожаназар досы Əжниязға кісі жібереді. "Осындай жағдай болды, бек не айтса да, разымын" депті. Əжнияз бек: "Олай болса күйеу бала мен қызымды жіберсін, өзім қолымнан ұзатайын", — дейді. Бай мұны макұл қөріп, келіні мен баласын жібереді. Бек жүз қарамен отаулап ұзатады. Əжнияз бектен — Жаналыбек, Жаналыбектен — Қарабек, Қарабектен — Нəубетбек, Нəубетбектен — Өтеш. Өтеш 1964-65 жылдардың бірінде үйіме келді. "Бектің баласы Өтеш аға, асыкпа, жат, қонақасы же" — дедім. Соңда Өтеш былай деп жауап берді: "Мына жиендеріме келіп едім, демалдым, жаттым, еңді еліме кайтам". Жиендерім дегені — Қарабай палуан тұқымы Қүлынтай Азубаев пен Қибас Батырбаев. Бес-алты атаға келді, достығы айрылмаған. Əжнияз өлгеннен кейін соңы жарлы болады. Əжнияз бектің баласы Жаналы жас калады, үйленейш десе, қайыны — бай, малды (қəдені) қөп сұрайды. Бектің əйелі баласына былай дейді: "Атаңның Қожаназар деген досы қазақ байы болған. Сол кісі əлі бай, соған жайынды айт", — дейді. Жас жігіт Қожаназардың ауылы қырдан құлап келе жатканда алдынан барады, жөн сұрасады, жігіт жүрген жайын айтады. "Ертең қонған жерде астыңа ат, соятын соғымың жəне үйге жабатын киіз канша керек?" десе, бала ұялып, үндемейді. Ертесі əке досы 40 еркек қой, 40 өре киіз, сауын түйе беріп, касына жолдас қосып, жігітті аулына жібереді. "Қайныңа адам жіберіп, сұраған малын беріп, ол шаруаны да бітіреміз" дейді. Ол шаруа да бітеді. Ел аузындағы аңыз Кожаназарды осылай дейді.

Руы Беріш Ожакай деген кісі Адай елін аралап көп жүріпті. Ол кісі сыншы, өзі киімді әр түрлі киетін адам екен. Адайдың Қүдайкесінен тараған Қосайдың Арық деген баласынан туған Құдайбергеннің немересі Тоқбан бай (Құдайбергеннен Бекболат, сол Бекболаттың Сарша деген əйелінен Төлен мен Токбай туады) Ожақайға былай депті: "Шоңайдың Жарығы (Жарық — Тоқсанбайдың баласы) Сарының (Еділбай) баласы Наурызалымен құда болдым. Енді Зорбайдың Жанайының баласы Қожаназардың балаларына құда болайын деп едім, қай баласына құда болам, соған сенен ақыл сұрайын деп едім, ел қьідырған сыншысың" — депті. Сонда Ожақай былай депті:

Шомаққа құда болсаң, кұдай жолы — тойга, Сəркенге құда болсаң, уак-түйек дауға, Тағанға құда болсаң, бие — кəрі, құлын — жас, Келер жылы колың бос, Таусылмайтын жайға таи боларсың, Ал Шонтыға құда болсаң, ұтылып каларсың, Түнғатарға құда болсаң, бергеніңді аларсың.

Сонда Тоқбан бай: "Ұтылсам, ұтылайын'" — деп, Шонты бидің немересі Ермембет Қалдыаман баласына құда болыпты. Жылдар өткеннен соң Тоқбан бай жұтап қалады. Күдасы Ермембеттің аулына келеді. Ермембет орта дəулетгі кісі екен, "Айран-шалап бар ғой, бес-он күн демалып жат" деп, өзі кыдырып кетіпті. Ол Жанайдың Əлісінің баласы Айтқа келіп жайын айтыпты, сонда Айт тұрып: "апаңа бардың ба?" — деп сұрапты. Апа дегені Əлінің Алдаберген деген баласынан Рыс деген қыз екен, "бармасаң, соған барып кел" — депті. Ермембет Рысқа барып жайын айтқанда Рыс апасы бір боталы мая жəне кайып тұрған тайлақ, екі нармая бота- тайлағымен — төрт түйе бере отырып: "құдаң жұтап қалса биыл көжесінің көбігін басар",— депті. Ермембет қайтадан Айт ағасына келеді, бұл он қозылы қой, бір қошқар жəне "қызылсырап отырған шығар" деп, 4-5 еркек қой беріп түрып: "Қой апасы оннан, Түйе апасы бірден, Жылкы апасы бестен, Өсейін десе астан-кестең'', — депті. Ермембеттің өзі бір айғыр үйірлі жылқы беріп, кұдасын жөнелтіпті.

Тағы бір ауыз сөз. Шонты би үлкен болып отырғанда Жаңай болатын елдің үлкен-кішісі барып: " Үлкен болдың, артыңа айтып кететінің бар ма?" —депті, сонда ол: "Нем болсын, тындасаңдар, бір ауыз сөзім бар еді, соны айтайын" — деп, басын көтеріп былай депті:  

Көш билігін Көпжасарға бер, түз билігін Тілепіге берің, Досбай от басында айтқан билігін қойсын, Қосбай көтен-өкпесін қойсын. Қожаназарға түскен жүмыстың түйіні Қошан ауылынан, Жанайға тірелген əңгіме Айт ауылынан шешілсін.

Жалпы Қожаназар қатарынан кем болтан жоқ, 1930-31 жылдары салықка көбірек ілікті. Кейін жастар теңелді, оқығандары да аз емес. Алматы қаласында тұратын жазүшы Əбіш Кекілбаев — Қожаназардың Тағаны. Тағаннан — Көпжасар, Көпжасардан — Өтеқ, Өтеқтен — Жаманқұл, Жаманқұлдан — Қокым. Кекілбай — Кокымның баласы. Қожаназар тұқымынан кеңес өкіметі тұсында жоғарғы білім алған жүзден аса жігіт бар.

Сонымен, Қожаназардан Түнғатар, Шонты, Шомақ, Сәркен, Таған, Қошан, Есберді болады. Осылар артына ұрпақ дүретіп, "Қожаназар ауылы" болып аталады. Қожаназар бай дүниеден озғанда оны Сисем-ата қауымына жерлейді. Қауымның терістік-батыс бетіндегі Қожаназардың күмбезін салушы шебер Доралұлы Жылқыбай. Күмбездің құрылысына кескен тас араласпаған, жалпақ қиыршық тастан қаланған. Қабырғасының қалыңдығы 1 метр 20 см. Керегесі төрт қырлы, төбесі шағын жолым үйдей. Іші сырланбаған, маңдайшасында орта азиялық үлгі ою-өрнек оймашталған, араб әрпімен күмбез иесінің аты жазылған. Туған-өлген жылдары көрсетілмеген.

Келер жылы балалары Қожаназар байға ас берген. Меңдалыұлы Алшын жазбасы былай делінеді:

"Қожаназардың 7 баласы болды. Асты Таған деген баласы Жем өзенінің бойынан берді. Сол жер осы күні Ақкиізтоғай деп аталады. Асқа Нұралы хан шақырылған екен. Әдет бойынша ханның аттан түсіп үйге кіргенше жолына ақ киіз төселеді екен. Ат осыдан қалған. Асқа 1000 үй тігіліп, 2000 қой сойылған. Бәйгеге 500 ат қосылған. Бас бәйгені Шонтының көк биесі алған екен."