қамысбай

Қамысбай қорымы

Қамысбай қорымы — ескі бейіттер. Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 14–15 км жерде орналасқан. Оны алғаш 1951 жылы Қазақстан ғылым академиясының археолог экспедиция (жетекшісі М.Меңдіқұлов) зерттеді. Қамысбай қорымы күмбезді мазарлар, сағана тамдар, құлпытастар мен қойтастардан тұрады. Қорымның ерте архитектура құрылыстары 19 ғасырдың 1-жартысында салынған. Олар қорымның солтүстік-батыс бөлігін алып жатыр. Қалған ескерткіштер 19 ғасырдың соңы, 20 ғасырдың бас кезімен мерзімделеді. Қамысбай қорымындағы ескерткіштерге салынған өсімдік өркендері мен әр алуан заттардың бейнелері, түрлі бедерлер тас қашау ісінің шеберлігін көрсетеді. Қазіргі таңда Қамысбай қорымы ашық аспан астындағы халық архитектурасының мұражайы ретінде ерекше бағаланады.

Жаңайдың тумаласы Төлекенің ұлы Қамысбай көшіп бара жатып жолда дүние салған екен, содан оны Қаратаудың бойына жерлеп кейін қорым сол кісінің атымен аталып кеткен. Жаңайдың ұлы Әлі сол қауымға жерленгеннен кейін төңіректегі өлген адамдарды сол  қауымға жерлеген, содан қауым үлкейген. Бұл қауымды біреулер "Әлінің қауымы", біреулер "Қамысбайдың қауымы" деп атап, тіпті арада талас, дау туатындай жағдай туыпты. Төлекенің ауылын билеген Қаржау Найзабектің тұсында осы талас көтеріліп, сонда елдің ақсақалдарын жинап алған Найзабек: "Сендер қауымды "Әлі" деп те, "Қамысбай" деп те атамай-ақ қойыңдар. Екеуі тумалас, әрі бай адамдар ғой, сондықтан қауымды ортақ "Байлар" деп атаңдар, ағайын арасын айырмаңдар" деп бірлікке шақырып, содан кейін қауым "Байлар" болып атанып кетіпті. Бірақ бертін келе "Қамысбай" атанып кеткен. Әуелде Қамысбай Әліден бұрын жерленген, дұрысы сол ғой.

 Төлекеұлы Қамысбай тамы

Әлі тамы Жаңайұлы Әлі тамы

 Жаңайұлы Әліұлы Молдаберген

 Жаңайұлы Әліұлы Шопан

 Жаңайұлы Әліұлы Шопанұлы Аманұлы Дәрмен

 Жаңайұлы Әліұлы Әженұлы Досұлы Құлпан

 Жаңайұлы Әліұлы Алдабергенұлы Борсыұлы Байжанақ

 ЖаңайұлыТасымұлы Жидебайұлы Дүйсенбайұлы Қалмамбет (шебер, тамшы) және бәйбішесі Бибіш

Жаңайұлы Рысбай Жаңайұлы Рысбай