Əкеден жеткен әңгіме

Төменде жазылған әңгіме Бурабек Алшынұлынан жазылған. 1925-1938 аралығындағы Адай халқының КСРО саясатынан зорлық-зомбылық көріп қуғын-сүргінге ұшырағаны туралы көрсетілген. 1918-1953 жылдар аралығын қамтитын әңгіме Адай халқының оның ішіндегі Жаңай руының аталарымыздың да басынан өткен. Сондықтан 1933 жылы қазақ халқына қолдан жасалынған аштықты, 1937-38 жылдарындағы Адай халқының азаматтарының "халық жауы" деген жала жауып репрессияға ұшырағаны туралы келер жас ұрпақ біліп жүруі тиіс деп ойлаймын.

1972 жыл еді. Шетпеде отырмыз. Күз айында үйімізге Қорқытов Ыбыраш аксакал (жазушы Берік Қорқытовтың əкесі) қонаққа келді. Ол əкем Меңдалиев Алшынды сағынып, арнайы көрісе, амандаса, əңгімелескелі келген екен. Екі карттың үш қүнге созылған шежірелі сырларында Маңғыстаудың ғасырлар бойғы өткені мен Форт- Шевченконың өлке тарихындағы орны кеңінен камтылды. Бұл əңгімелерде ғасыр басында өлқе қазақтарының басына түскен зұлмат, оның қыр-сыры да сол қезең куəгерлері көзімен нанымды суреттеледі. Кезендер ахуалына баға беруде біздің санамызга күні кешеге дейін баска сипатта сіңіріліп келген түсініктерден өзгеше қөзқарас та бар…

Шамамен 1700 жылдардың орта кезінен бастап Баку, Мақашқала, Астрахань саудагерлері Маңғыстау түбегінің Түпқараған жеріне келіп, халықтан жүн, тері, баска да мал өнімдерің алған жəне жергілікті халыкқа астық, шай, мата сияқгы өңдіріс, азық-түліқтауарларын сатқан. Əзірбайжан, Дағыстан, татар саудагерлерінің дүкен, базарлары бар осы поселкені жергілікті халық "Кетіқ" иə болмаса "Акқетік" деп атаган.

1800 жылдардың шамасыңда Маңғыстаудың Түпқараған жеріне Еділ бойынан ығыстырылған балықшы орыс мұжықтары келіп қоныстана бастайды. "Бірі келді дегенше, бəрі келді десеңші" дегендей, біртіндеп балық кəсібімен айналысатын орыс адамдарының қатары қөбейе келе, Николаевск деген поселке салған. Бұған жергілікті бейбіт халық қезінде қөп мəн бермеген. Сөйтсе, бұл отарлаудың бастамасы екен ғой, зілі артында болып шыкты.

1860 жылдардың ортасында ресейлік патша үқіметі Түпқараған жерінен əсқери бекініс сала бастады. Ойлары — Маңғыстаудың жерасты байлығын ағылшындардың зерттеуіне кедергі жасау, екіншіден, Маңғыстауды бағындырып, Хиуа хандығына карай бет алу немесе Хиуаны бағындыру мақсатын көздеу еді. Осы кезеңдерде Манғыстауды еркін жайлаған Адай тайпасы патшалық Ресейге де, Хиуа хандығына да, тіпті ешбір мемлекетке бағынышты емес еді. Əуелден ешкімге бағынбай, тек өз ақсақалдарының шешімімен жүрген, негізгі шаруашыльгғы — малын жайып, бағып, мезгіл-мезгіл қоныстарын жаңартып жүрген, толықтай көшпелі салттағы ел болыпты. Қыста Сам, Маңғыстауды қыстап, жазда малы қөп байлары Елек, Қобда жерлеріне дейін көшіп барып жүрген. Көші- қон кезендерінде Орынборға дейін жетіп қоныстанып, онда отырған Кіші жүз руларымен тату-тəтті көршілік байланыста болған. Орыс гарнизоны орныққаннан кейін бұрын жергілікті халқы сауда-саттыкпен айналысатын Қетік поселкесінің атауы келмесқе кетіп, бұл бекініс еңді патша құрметше Форт-Александровск деп аталған.

1870 жылдарга жақын Маңғыстаудың Адай жасақтары Түпқараған əскери бекшісіне шабуыл жасаған, бірақ бұл өте кеш жасалған əрекет еді. 1870 жылдары патша үкіметінің əскерилері Түпқарағандағы əскери бекіністі пайдаланын, Маңғыстаудағы Адай руларын бағындыруды іске асыруға кіріседі, алайда, бұл жоспарды Досан Тəжиев бастаған Адай жасақтары іске асыртпай тастайды. Сартас, Үшауыз жерінде патша əскерлерін талқандайды. Бұл жағдайдан мəлімет алған патша үкіметі бұрынғыдан да мықты каруланған əскери күш ұйымдастырып, Маңғыстау жерін түгел жаулап алуды ойластырады. Бірақ, Маңғыстаудың құс канаты күйер сусыз шөл еқенін есқеріп, аңысын аңдып қалады. Сөйтіп жүргенде 1904 жылғы орыс- жапон соғысы, 1914 жылғы орыс-неміс соғысы патша үкіметінің Маңғыстау жеріндегі басқыншылық саясатын қешіктіре береді.

1917 жылы Ресейде төңкеріс болып, большевиктер жеңіп шыққаннан кейін жаңа өкімет Маңғыстау адайларының тағдырынан толық хабарлана келіп, бұл жергілікті халықтың əлі шын мəнінде ешқандай орыс үкіметіне бағынышты емес екенін ескеріп, Маңғыстау арқылы Шалқар стансасына барады деп, Саратов пен Астраханнан Әліби Жангелдин (Әлібиге Жаңайлар кәрі нағашы болып келеді) бастаған мұздай қаруланған əскери экспедиция дайындайды. Бұл экспедициясының түпкі мақсатын, ішкі сырын Жангелдиннің өзіне де сездірмеген. Сондағы тағы бір мақсат — Маңғыстау қазақтарының тамырын басып қарап, олардың кеңес өкіметіне көзқарасын білу екен. 1918 жылдың жазында Жангелдин отряды Маңғыстаудың Бозашы түбегінен шығады. Жангелдин түбектегі белгілі ақсақал адамдарды жинап, жергілікті халыққа патша өкіметінің қиянаттарын талдап түсіндіреді. Кеңес өқіметі барлық қазақ халқына, соның ішінде адайларға да шынайы қамқоршы болатындығын ұғындырады. Ревқом төрағасын сайлайды. Жергілікті елдің Кеңес өкіметіне көзқарасын бақылай отырып, оған сенетініне байлам жасайды. Адам күші мен көлік алып, қарулы экспедиция Маңғыстау-Үстірт-Сам жерлері арқылы Шалкарға жетеді. Қитүрқы саясатқа шоркақ, шаруа баққан Маңғыстау елі бұрынғы калыгшен мал шаруашылығының жағдайын жасап, байтақ қонысты жаз жайлап, қыс қыстап, көшіп-қонып жүре береді. Сөйтіп, сырттай алғанда Маңғыстау елі Кеңес үкіметіне бағынышты болды деп есептейді.

 Әліби Жангелдин.

1918 жылы большевиктерден жеңіле қашқан патша армиясының шеті Ресейден шығып Гурьев, Ақтөбе қалаларына келіп тіреледі. Бұл патша армиясы қалдықтарының мақсаты — қазақ даласы арқылы Ауғанстан, Иран мемлеқеттеріне өтіп кетіп, жан сауғалау еді. Əсқерлерінің көпшілігі қатардағы орыс солдатының киімін қиген шенді офицерлер болатын. Гурьевке шоғырланған патша үкіметінің генерал Толстов бастаған армиясы 1918 жылдың күзінде Маңғыстау даласы арқылы əуелі Түріқменстанға, содан Иранға өтуді ойлайды. Жолда Толстов əскерлері қарап жүрмей, Кіттті жүздің Байұлы руларының Ысық, Шеркеш, Таз ауылдарының малын тонап, адамдарын өлтіріп, үйлерін өртеп, зорлық- зомбылык, адам төзгісіз айуандық жасаған. Сонымен, зəбір қөрген елдің ақсақалдары қанаттас жатқан Маңғыстау адайларына адам жіберіп, бастарына түскен ауыртпалықтан қүтқаруға қолғабыс етуді өтінген. Осыған байланысты Самдағы жəне оның маңайындағы қонысқа орналаеқан Адай азаматтары Жылой мен Жем өзені бойында отырған елдерді патша əсқерлерінің зорлык-зомбылығынан құтқаруға жəрдемдескен.

Ол кезде Қарақұмды ел қыстамаған. Енді Толстов əскерлеріне Қарақұмнан бергі елсіз далада қоғага тиген өртгей тиісуге есеп жасалған. Толстов əскері Карақұмнан өткесін Үстірттің Күйкентау маңына келгенде түнде жайылыстағы көліктерін, баска малдарын куып кеткен, олардың жолындағы кұдыктарды қөміп тастаған. Осы қалай оңтайлы жерлерде түн мезгілінде түтқиылдан шабуыл жасап, əскерді əлсірете берген. Əуелде Ресейде, сосын Гурьевте кайта жасакталып шықкан бір мындай əскердің жартысынан көбі қырылады, əбден азып-тозады. Қыста күн суыта Толстовтың көптеген солдаты Үстірт үстінде үсіп өледі. Сөйтіп, алқан-талқан армияшылар амалдап Кэратүйе, Өтес, Боздақ жерлеріне жеткенде төменгі Маңғыстау азаматтары бүйірден туре тиіседі, көліктерін айдап кетеді. Осы жерлерде Толстов армиясы тағы көп шығынға ұшырайды. 1919 жылдың басыңпа Толстов əскерлерінің азып-тозган 150 шамалы адамы Жармыш жеріне жетеді. Аузын айға білеген айбарлы генералдың айбынды армиясының калдыктары бака, шаян теріп, өлмешінің күнін көреді. Жергілікті бейбіт халыққа мылтықтарын, асыл заттарын, киімдерін тамаққа айырбастай бастайды. Амал келіп, наурыз туа Толстов əскерінің қалдықтары Форт- Алеқсандровск бағьпына қозғалады. Каратаудың Акмыш жері арқылы Үдек жеріне қелгенде Толстов Форт-Алексаңдровсқ бекінісі де, əсқерлердің де Кеңес өкіметінщ қарауыңда екенін біледі. Сол түста генерал адамдары екіге бөлінеді, көпшілігі Форт-Александровскіге баруды ұйғарады. Ақыр аяғында оқалы-зерлі киімдерін шаруа киімдеріне айырбастаған Толстов касында қалған 40-50 адаммен жергілікті адамнан жолбасшы алып, Красноводск бағытына сапар шегеді.

 Орыс генералы Толстов В.Е.

…1918 жылдың күз айларында Гурьевтен Маңғыстау арқылы елсіз шел даламен адай ауылдарының ортасын көктей өтіп шетелге сіңуге тырыскан патша үкіметінің полковнигі Сергеевтің (Серов) есебі Толстовтың жоспарынан басқаша еді. Ол моторлы кеме тауып, қарулы 40-50 адамымен Каспий теңізі арқылы Гурьевтен Шағадамға, одан əрі Иранға жетуді ойлайды. Бірақ, оның 2 кемесі теңіздің Астрахань, Мақашқала тұсында Қызыл армияның соғыс қемелеріне кездеседі. Гурьевке қайтайын десе, тайыз теңіз қата бастаған жəне бағытқа қарсы күшті жел жолбайлау болады. Сөйтіп, ол ығыса келіп, Маңғыстаудың Бозашы түбегінің Жандауыр маңынан шығады. Адамдары катты күйзеліске ұшырайды. Елсіз дала мен теңіз мұзының құрсауында қалады. Азықтары таусылады, итбалық атып жеп жүреді. Кейін күншығыс жағаға барлау жасап, далада жайылын жүрген жылқы, түйе малдарын атып жеп, қүнелтеді. Осындай тірлікпен күн өткізіп жүргенде мұз ерш, 1919 жылдың көктемгі желінің əсерімен Каспий теңізі тайыздап, моторлы кемелер қайырлап қалады. Шығаратын күш жоқ, моторға керекті жанармайды қыс бойы отқа жағып тауысқан. Осынайша тұйыққа тіреліп, тұрғанда əскер адамдары Бозашы түбегіндегі Жары ауылының адамдарымен кездеседі. Орыстардың арасында Гурьев, Орал өңірінде өскен, қазақша əжептəуір сөйлей білетін адамдар да бар еқен. Ақсақалдармен ақылдасын, бұл адамдарға қандай көмек болатыны туралы хабарлауға уəде береді. Біраз күннен кейін əскери адамдарға жергілікті ақсакалдар келіп сөйлесе бастайды, бірақ енді қьір жолымен Қрасноводск бағытына кетуді ұйғарған əскерилердің жүрісінен кауіптеніп, оларды "бейтараптандырудың" жолын ойластырады. Ол үшін əуелі əсқердің 2 қемесін, мылтық, оқтарын, қиім-қешек, асыл заттарын алын, оның орнына қөлікпен қамтамасыз етіп, жолбасшы адам беріп, Красноводсқ қаласына жеткізіп тастауға "уəделеседі". Енді екі жақтың алыс-берісі бітіп, толық жолға дайындалып болғасын ауылға апарып "қонағасы" беріп, жолға шығарып салу рəсімі ұйымдастырылып, сол жерде жойылады. Бұл жұмысты іске асыруға Жары ауылының азаматтары Əлібайұлы Мырзағали, Қожықұлы Тұрсын басшы болады. Болтан оқиға жөнінде Форт-Александровск каласындағы Кеңес өкіметі адамдарына хабар жеткізіледі.

Патша үкіметі құлағаннан кейін Ресей қалаларындағы сияқты Гурьевте де патша чиновниктері құртылады немесе қашып кетеді. Осы тұста Кеңес өкіметінің кеңсе жұмысын жүргізетін сауатты адам өте аз болды. Бұған адамдар қарастырғанда араларында шын берілгені бар, өтірік берілгені бар сауатты патша офицерлері Кеңес өкіметінің кеңсе жүмысына кіре бастайды. Əсіресе, жансыздар ОГПУ жəне заң орындары мекемелеріне орналаса бастайды. Ол кезде сауатты адамдардың басым көпшілігі, шынында да, патша армиясының офицерлері болатын. Міне, солардан құралған Гурьев округтік ОГПУ қызметкерлерінің Адай халқына өшігуінің басты себептері: 1. 1918 жылы Жангелдин отрядын Маңғыстау арқылы көлік, адаммен қамтамасыз етіп, Шалқар стансасына дейін аман-есен жеткізуі; 2. 1919 жылы генерал Толстов пен полковник Сергеевтің шетелге қашуға əрекет жасаған орыс офицерлерінен құралған əскери дайындығы мол армиясын жойып жіберуі; 3. 1916 жылдың аяғында Форт- Александровскдегі уезд нəшəндігіне талап қойып, қара жұмысқа бармай, Түпқараған əскери гарнизоның күшпен жаптыруы (Енді мүның себебіне тоқталайық: 1916 жылдың күзінде Форт-Александровсқідегі уезд нəшəндігі қара жұмысқа Маңғыстаудан тағы да адам алу жөнінде елге өкілдерін жібереді. Қалаға жиналып қелген халық ауылдарында қыс қамын жасайтын ешкім қалмағанын ескеріп, қаладағы тұз өндірісіндегі жұмыс жасайтын азаматтармен бірігіп, кара жүмысқа бармауға жəне каладағы əскери гарнизонды жауып, солдаттарын алып қетуді талап етеді. Бұл іске Кавказдағы жұмысшы батольонынан елге келіп жүрген Жалау Мыңбаев басшылық етеді. Жиналған халық тілектері орындалмаса, көтеріліс жасайтынын мəлімдейді. Халық назарынан сесқенген уезд нəшəндігі қара жұмысқа адам алуды 1917 жылдың көктем айына калдырады. Гарнизонды жауып, адамдарын Астрахань каласына жібереді. Енді Форт-Александровск қаласындатеқ уезд адамдары, карауыл əскерлері қалады. Бұларға тимеуге көтерілісшілер уəде береді. Сөйтш, тұз өндірісінің адамдары жүмысқа кіріседі де, елден келгеңдер ауылдарына кайтады).

Сонан, Гурьевте жауапты жұмыстарға орналасқан патша армиясының офицерлері 5-6 жыл өткеннен кейін есін жиып, Кеңес өкіметінің сеніміне кіргесін кұйтырқы қимылға көшеді. Маңғыстау адайларының патша армиясы мен офицерлерін талқандаудағы жауынгерлік кимылдары ОГПУ қызметкерлерінің жүрегіне қара қан болып қатып қалған екен. Енді бұл адамдардың арманы — қалай да адайларды құрту немесе тоздырып жіберу болған. Бұл істің оңтайлы кезегін күтіп, ОГПУ тырнағын ішіне бүгіпті.

1918 жылдан бастап Маңғыстау, Үстірт, Сам жерлерінде ревком төрағасы Тобанияз Əлниязұлы Кеңес өкіметінің билігін жүргізе бастайды. Ал 1920 жылдан бастап Маңғыстау түбегінде Кеңес өқіметі түпкілікті орнаған. Шын мəнінде Маңғыстау халқы бұрынғы ретімен мал шаруашылығына байланысты көшіп-қонып жүре берген. 1920-1925 жылдар аралығында Маңғыстау халқы біршама тыныш өмір сүрген екен. 1925 жылы Қазақстан өлкелік партия комитетіне М.Голощекин келгеннен кейін жалпы Қазақстанда ерекше төңкеріс ("Екінші Казан") үйымдастыра бастайды. Бұл іс Кеңес өкіметінің аз ұлтгарға бүрынғыдан да катаң үстемдік жасау мақсатымен үндесіп жатқан екен. 1925 жылдан бастап "Ресей халқы аш- жалаңаш, Азамат соғысынан əлсіреп қалды, егін шықпады, мал жоқ. Сондықтан бүкіл халық болып қөмектесу керек" деген ұран көтерілді. Бұл ұран əсіресе қазақ халқының малы мен өңдірісіне көз тіккен сойкан саясат болып шықты. 1926 жылдан бастап "малы көп байларды орта шаруаларға теңестіреміз" деген китұрқы ұрандар жер-жерге жайылады. Елдің малын қəмпескелеуден Маңғыстау халқы да шет қалмайды. 1927 жылдын қысы қатты болып, Маңғыстау халқының малынын шамамен үштен бірі, болмаса, төрттен бірі жұтка ұшырап өлген. 1928 жылдан бастап Маңғыстауда халықтың малын жаппай кəмпескелеу жүргізілді. Ірі байлардың малын тартып алғаннан кейін, оларды Кеңес өкіметіне "жанықас" деп тұтқындап, жер аударған, түрмелерде аштан өлтірген немесе атып тастаған. Кəспескелеу мен жазалау, əсіресе, Маңғыстау түбегінде бұрынғы патша чиновниктерінен құрылган ОГПУ-діңкөрсетуіменжедел жəне катаң жүргізілген. Бұл шаралар ОГПУ қызметкерлері үшін Толстов пен Сергеевтің кегін қайтарудағы адайларға бағытталған бірінші соқкы есебінде бағаланған.

1928 жылдары орта шаруаның малдары Маңғыстауда түгел тəрқіленген. Түрікменстанға шұбырған. 1928 жылдан бастап Адай жəне Табын халқын егіс егуге дағдыландырамыз деген китұрқы саясатпен Ойыл өзені жағасына орналасқан Ойыл поселкесінен Адай округін құрған. Бұл сырткөзге Кеңес өкіметі Адай-Табын халқына қамқорлық жасап жатыр деп түсіндірілген. Ал шын мəнінде егіс жайын білмейтін, құрал-сайманы жоқ, жерге себетін тұқымы жоқ елге бұл саясат ұнамады. Ел мұндай жалган қамқорлықтың астарын түсінігг, Ойылға көшпеген, одан да каракалпак, түрікмен өлкелеріне барып жансауғалауды дұрыс деп есептеген.

Сонымен, 1929 жылы əлгі əрекеттен ештеңе шықпағасын Адай округі таратыньгп, оны Гурьев округіне қосу үйғарылған. Қазақстан өлкелік партия комитеті мен атқару комитеті Ойыл округінен қысқартылған қызметқерлердің бірқатарын Гурьев округіне жұмысқа орналастыруға шешім қабылдаған. Осы сəтті жымысқы істеріне пайдаланып қалуды ойлаған əлгі ОГПУ адамдары Гурьев округі қызметкерлерін Адай округінен келетін кадрларға айдап салу əрекетін ұйымдастырған.

1929 жылдың күзінде таратылған Адай округі коммунистерінің партия конференциясы Форт-Александровск каласында өткізілді. Конференцияда баска мəселелермен қатар Гурьев округтік партия конференциясына делегаттар сайлау керек екен. Конференцияны өткізуге бұрынғы Адай округтік аткару комитеті төрагасының орынбасары Шəбден Ералиев тағайындалады. Конференциядан кейін Гурьевке делегаттар моторлы кайыкпен шығады. Кешке таман жел көтеріліп, теңіз толки бастайды. Дауыл үдей берген соң делегаттарды түгел мотордың трюміне түсіреді. Бұрын теңіз көрмеген адамдардың басы айналып, құса бастайды. Мотор үстіңде тек команда адамдары калады. Ал Ш.Ералиев мотор үстіндегі командир каютасында калган. Таңертең моторда Ералиев жоқ болып шығады. Осы окиғаны ОГПУ жендеттері тағы да пайдаланып қалуды көздеп, "адай делегаттары Ш.Ералиевті теңізге қасақана тастап, өлтірген" деген лақап таратады. ОГПУ ықыласындағы Гурьев оқругтік партия, Кеңес органдары сот, тергеу орындарына нұскау беріп, Маңғыстау делегаттарын түгелге жуық соттатып жібереді, жазалайды. Адай азаматарының өтірік жаламен сотталғаны туралы Жоғарғы сотка берген кассациялықарызы қайта карауға қеледі, бірақ оны ОГПУ мен округтік прокурор жасырып тастаған. Сотгалған азамтггардың біркатары лагерьде адал жұмыс жасағаны ескеріліп, кешіріммен босанып келеді. Өкінішке орай, олар саяси сенімсіз адамдар есебінде кала береді.

1930 жылы Маңғыстау аудандық ОГПУ-дің бастықтығына Гурьев ОГПУ-ынан жеткілікті нұскау алған, адай халқына өшпеңділікке тəрбиеленген Туров, Тихомиров деген бұрынғы орыс патшасының құйыршықтары келіп, көптеген адамдарды жазықсыз Форт-Шевченко қаласына түрмеге қамайды. Осы жылы күзде Форт түрмесіне қамалған 200 шамалы адам мұз қатып, теңіз қатынасы болмағандықтан, Гурьевке жіберілмей калган. Түрмеде жатқандар Гурьев, Ақтөбе түрмелеріне қамалған адамдардың аштан, аурудан өліп жатқанынан, бірқатарын ОГПУ атып жатқанынан хабардар болтан.

Форт-Александровск түрмесіндегілердің ішінде атакты ақын Елбай Қосымбаев та болтан. Жас ақын қамаудағы ауыр хəлді өлеңмен өрнектеп, кеңес үкіметінен үміт күгкен толғаулар жазған. Елдегі халықтың басына түсқен ашаршылықты жəне ОГПУ-дің жазаламай қоймайтынын білген Форт-Александровск түрмесіндегі 200-дей адам 1931 жылдың көктемінде түрмені бұзып шығып, елдеріне барады. Бұл азаматтар малый кəмпескелеп кеткесін енді қайда барарын білмей отырған отбасыларына қосылып, көлік тапкандары көлігімен, біразы жаяулап Түрікменстан республикасына суыт кете бастайды. "Адайлар Форт- Александровск түрмесін бұзып қашып шығып, банды болып кетті" деген хабар Гурьевке тез жеткізіліп еді. Бұл жанған отка май құйгандай болды.

1928-1932 жылдары Қазақстанда жаппай кəмпескелеудің кесірінен малдан айырылған қазақтар ашаршылыққа ұшырады. Қазақстанның көптеген аудандарында толқулар мен көтерілістер етеқ алды. Бірақ оларға Маңгыстау өңіріндегідей "Банды болып, қеңес өюметіне қарсы қөтеріліс жасап жатыр" деген жала тағылған жоқ. Ал ОГПУ жендеттері "Маңғыстау адайлары кеңес өкіметіне қарсы күрес ұйымдастырып жатыр" деп, дүниенің төрт бұрышына этой салған. "Адай — банда" деген атакқа ілігіп, аш-жалаңаш, жаяу-жалпы күйінде Түркіменстанға шүбырыл бара жатқан елдің артынан қарулы қызын əскер күші шығарынады. Бұл қанқұйлы əсқери операцияны бұрынғы патша офицері, сол қездегі Гурьев ОГПУ бастығының орынбасары, толстовшы Фетисов деген басқарады. 1931 жылдың жаз айларынан бастап Маңғыстауға қызыл əсқер бөлімдері ағылып келе бастайды. Осы əскерлер аштықтан көшкен босқын халықтың артынан түре қуып, атып өлтіре бастайды. Осындай ОГПУ ұйымдастырған жазалаута, əрине, адай азаматтары да қарап калмаған. Көшіп бара жатқан қатын, бала-шағасын, туған- туыстарын қорғау мақсатында ұтырлы жерлерден тосып алын, қызыл əскерлермен шайқасып отырған. Осындай бір сəтте ашаршылықтан шұбырған ел мен қызыл əсқер арасында тосқауыл-қедергіде жүрген адай азаматтары Қараған-Босаға жерінде Фетисовты атып өлтіріп кетеді. Енді аштықтан жолда өліп жаткан жазықсыз адамдарды қөріп, қызыл əскер бөлімдері оларды атып, қыра беруді жөн қөрмейді жəне де қызыл командирлердің өздері де шетсіз-шексіз далада қалжырап шаршаған. Ат көліктері де арықтаған, оларды ащы сумен суаруға тура келген. Күз жақындағасын əскер бөлімдері кейін қайта бастаған.

1931 жылдың күзінен бастап Маңғыстаудың халыққа жаны ашитын азаматтары ашаршылықтан босып барып жолда калган елді Маңғыстауға қайта əкету шарасын қарастырады. Бірқатар ел-жұртты жерге дəн егіп, астық алған ауылдарға орналастырады. Қалғандарына елден астық жинап беріп, жан сақтауға көмектеседі. Бұл жылы жаз жаңбырлы болып, халықтың несібесіне бірқатар жерлерде астық шыкқан екен.

1930-1931 жылдары теңіз жағалауындағы елдер жоспардан артық ұстаған балығын алып жеп күнелткен. Қаратау бойының елі бұлақ суына егін егіп, алған өнімін бөлісіп пайдаланған. 1931 жылдың аягы, 1932 жылдың басында Маңғыстауда қалған елдің басына ашаршылықтан əлсірегендіктен, тағы бір ауыртпалық түседі. Ол — елді жаппай камтыған шешекіндеті. Шешектен халыққырыла бастайды. Гурьевпен байланыс жасап, дəрігерлік көмек, дəрі əкелу жұмысы "Каспий тенізі қатып қалды" деген сылтаумен іске аспайды. Мақашқала, Баку, Красноводск қалаларынан əкелінген аздаған дəрі жеткіліксіз болтан. Маңғыстау түбегінде дəрігер Серегин бастаған 5-6 адам болады. Бұлар фельдшерлік дəрежедегі, болмаса, үйренбе адамдар екен. Келген дəрілерді үнемдеп пайдалану үшін əуелі жас балаларды, мектеп оқушыларын, жасы 40-қа дейінгі адамдарды егіп емдеген. Артылған дəрімен 50-ге дейінгі адамдарды егіпті. Сонда да дəрігердің қолы жетпеген аш-арық, əлсіз адамдар, əсіресе, 1932жылдын наурыз, сəуір айларында көп қырылған. Форт- Александровск қаласында шешектен өлген адамдардың көптігі сонша, оларды көмуге көлік-арба жетіспеген. Кабір қазатын адам болмай, мүрделер үйінде 4-5 күн жатып қалытпы.

Сонымен, Маңғыстау халқы 1927-1933 жылдар аралығындағы адам баласы төзгісіз қасақана ұйымдастырылған сұмдық кесапаттан үлкен соққы жеп, моқалып қалған. 1932 жылы күзде Қазақстан өлкелік партия комитеті Батыс Казақстан облысындағы халықтың малын кəмпескелеудің қорытындыларын жəне жергілікті халықтың кеңес өкіметіне қарсы көтерілісі туралы Орал облыстық жəне Гурьев округтік партия комитеттерінің есебін тындайды. Əрине, баяндамада Маңғыстау халқының басқа республикаларга "кашып" көшуі, "кеңеске қарсы" көтерілісі барлық жағынан əсерлі етіліп айтылыпты. Осы есептің қорытындысымен Голощекин В К (б)П Орталық Комитетіне мəлімет жібереді. Баяндамалар мен мəліметтерді сұрыптай қеле ВК (б)П Орталық Комитеті 1932 жылдың күз айларының бірінде Маңғыстау ауданының адай халқынан мемлекеттікжауапты қьізметке адам пайдаланбау жəне баска облыстарга лауазымды қызметке адайлардан адам жібермеу жөнінде арнайы пункті бар, 25-30 жынға мерзімдік күші бар, "аса қүпия" деген белгімен қаулы қабылдап, Орал обкомы мен Гурьев окружкомына қатаң тапсырма береді. "Адай — банды" деген ескі түсінік саналарына əбден орныкқан, оның үстіне осы қаулымен қаруланған Гурьев округтік (кейіннен облыстьгқ) партия комитеті мен НКВД адамдары əлгі ұйғарымды иманындай жаттап, жатса-түрса жадынан шығармайды. Ашық айтуға тиіспіз, коммунистік бұғау ешқайда бұлтақтатпай, бұл қасірет-қаулы 1972 жылға дейін 40 жыл бойы Гурьев облыстық партия комитеті үшін бұлжымас заң болып табылды.

1935 жылдан бастап Казакстанның партия басшылығына Л.Мирзоян келді. Ол 1927-1933 жылдар арасында жалпы қазақ халқының басына түскен ауыртпалыққа көз жеткізеді. Сосын ол Маңғыстау ауданының жағдайын білу үшін О.Исаев бастаған үкімет комиссиясын жібереді. Комиссияның қорытындысы бойынша, аса күйзелген Маңғыстау халқына басқа облыстардан жəрдемге азық-түлік, астық, Орал, Гурьев совхоздарынан қой, сиыр малдарын алуға көмектеседі. Осы астықпен тойынып, малдың сүтін, өнімін пайдаланып, Маңғыстау халқы есін жинап, ел қатарлы күн көріп, ауқаттанып қалады.

1937-1938 жылдары Кеңес Одағында халықты жаппай тұтқындаү, жазалау зұлматы басталады. "Халықжауларын тұтқындаймыз" деп алақанын ысқылап, құдайы берген НКВД адамдары енді тағы да Маңғыстау халқына білектерін сыбана кіріседі. Сөйтіп, 400-ден астам адамды тұтқындап азаптайды, атады, тұтқын лагерьлеріне жібереді. Бұл адамдардың басым көпшілігі шпион болмақ түгілі оқи да, жаза да білмейтін сауатсыз азаматтар болған. Ескі кек қайта арна тауып, 1937-1938 жылдары Маңғыстау ауданының № 18 ауылынан 50 шамалы адамды азаптағанда жəне атқанда НКВД жендеттері бұл адамдардың өздері не болмаса тумаластары, əкелері Толстов армиясын Қаратүйе, Боздақ жерінде құртуға қатысқан деп есептеп, қанқұйлы əреқеттерге барған. Үмытпай айта қетелік, 1941-1945 жылдардағы орыс-неміс соғысында, əсіресе 1942 жылдың күзінде Сталинград қаласын азат етуде маңғыстаулықазамат Исатай Сүйеубаев ерекше ерліқ үлгісін қөрсеткені белгілі. Оның теңдессіз ерлігі туралы Жұмағалиев Балым деген азамат дастан етіп айтады. Ол кезде ерекше қөзге түскен жауынгерлерге "Батыр" атағын беруге жəне тиісті наградаларға үсынуды майдан командованиесі жергілікті партия, совет орындарына қуанышпен хабарлайды екен. Гурьев обкомы мен НКВД өзара ақылдаса қеле майдан қомандованиесіне шұғыл түрде "Исатай Сүйеубаев Батыр атағына ешқандай лайық емес, ол бірнеше рет сотталған, бұзық адам, сондықтан ол кейін "Кеңес Одағының Батыры" деген құрметті атақты ақтамайды" деп дереу хабарлаған. Өйтқені Исатай Сүйеубаев та Маңғыстаудың зұлматқа үшыраған əлгі №18 ауылының азаматы еді.

1942 жылдан бастап майдандағы жауынгерлерге көмек деп, ал 1944 жылдан бастап жаудан босатылған Ресей жеріндегі халықтарға жəрдем деп, халыктың тірлік етіп, күнелтіп отырған малын "ферма толықтыру" деген желеумен жинап алған. Сенім артар ер азаматтары соғысқа кеткен, мал-жандығымен күнелтіп отырған ел тағы да күйзеліп калган. Ашаршылықка, жалаңаштыкқа ұшыраған елге енді 1944 жылдан бастап бөртпе, қезік ауруы тап болын, сол дерттен адамдар өле бастайды. Дəрігер Сарғожаев Қойсары деген азаматтың қүндіз-түні дамыл қөрмей, ел аралап емдеуінің арқасыңда қөптеген адам бұл ажалдан аман калады.

Сол тұста НКВД жəне КГБ екпінімен, солардың арандатуымен Гурьев облысының басшы қызметкерлері Маңғыстау адайларына сенбеушілік пиғылын Гурьев облысының баска ауданындағы халықтардың миына барынша кұйып, ой-санасына орнықтыра беріпті. Сонымен, Маңғыстау халқына жаппаған пəле, жақпаған күйе қалмапты. Маңғыстау түбегі аудандарына партия, совет органдары мен мекеме басшылығына жəне қатардағы лауазымды қызметкерлікке, тіпті өрт сөндіру командасы бастығына дейін Гурьевтен жіберіліп келгені соның дəлелі. 1960 жылдардан бастап Маңғыстау жастары жоғарғы оку орындарына түсіп, бітіре бастады. Бірақ, бұл азаматтардың көпшілігі оқытушылық, малдəрігерлік мамандығымен шеқтелді. 1960 жылдардың орта кезінен бастап совет өкіметінде КГБ екпіні бəсендеп, оның есесіне партия басшылығы күш ала бастаған. Дəл осы кезенде Маңғыстау түбегінің жерасты байлығын игеруге, өндіріс мамандары мен басшылары келе бастады. Маңғыстауға алғашқы болып келген өндіріс басшылары Григорьян, Захаров, Өзбекқалиев, Өтебаев, тағы баска азаматтар Маңғыстау халқын жатсынбай, оларға адамгершілік түсіністікпен, бауырмалдықпен қараған. Олар Маңғыстау жастарына техникалық, мұнай-газ өндірісіне қажет мамандықтар алатын окуға түсуге көмектескен. Тез арада Маңғыстаудан жұмысшы мамаңцықтарын дайындайтын оку орындарын ашып, жастарды өндірісқе тартқан. Сөйтіп, жылдар бойы шеттетіліп келген Маңғыстау халқына адамгершілік, сенім көзқарасы біртіндеп қалыптасып, жергілікті халыққа деген ғасырдан ғасырға ұласқан өшігу, сенімсіздікпен зорлық-зомбылық бəсендеп, арайлы таңның аппақсəулесі түсқендей болған. Осындай əлеуметтік жəне саяси қамқорлыққа бөленгенін саналы Маңғыстау халқы да сезіп, түсінген, томаға-тұйықтықтан ақжарқын, ақпейілділікке ауыса бастаған.

1937 жылы əкем Алшын Мендалиевті НКВД тұтқындап кеткеннен кейін мені де еркіме қоймады. 6-сынып оқып жүргенімде Фортгагы мектептен жазықсыз оқудан шығарды дажіберді. Себебі, əкемнің тəрбиесінде болғандыктан, НКВД маған да сенімсіздікпен карал, жүріс-тұрысымды бакылайтын тыңпіы адамдар қойыпты. Мұны мен өзім сезбейтін едім, бұл жағдайды маған Əбілев Аязбай деген кісі айтты: "Шырағым, көпсөйлеме, көпшілік бас қосқан жерге барма", — деді. Соның салқыны болар, 1942 жылы əскерге ер азаматтарды мобилизациялап жатқаңда НКВД-ның əсерімен мені əскери комиссариат əскерге алмай, Талдықорғанға жұмысшы батальоньгна жіберді. Содан 1946 жылғы демобилизациямен елге келгеннен кейін де өзіммен бірге жұмыс жасасқан қызметқерлер арасынан маған КГБ бақынаушы қойғанын сезетінмін. 1951 жылы да Сібірде айдауда жүрген əкеме барын келгесш мен есепші болъш жұмыс жасайтын колхозға кезектен тыс тексеру жүргізілді. Бұл тексеруді де КГБ-ның үйымдастыруымен болған деп есептедім. Маған өлген мал құнын жауып, өнбей қалған мал өнімдеріне шейін сенің жауапсыздығыңнан" деп кінəлады. Сөйтіп, жылға жуық прокурор тергеуінде жүрдім. Əйтеуір, құдайдың кұдіретімен 1953 жылы Сталин "бабамыз" өлгеннен кейін кешірім болын, ұзақ уақыт қыр-соңымнан қалмаған бұл пəледен де кұтылдым-ауі Сібірге əкеме барамын деп, "əкемді" таныдым. Осындай жəйттарға байланысты мен көгашлік жиналған жерге бармайтынды, адамдардың əңгімесіне араласпайтынды əдетке айналдырған едім. Сөйтіп, өзімді өмір бойы томаға-тұйық ұстауға дағдынандым. Бірақ, Ыбыраш ақсақал айрықша ықылас білдіргесін, бұл кісілердің əнгімесіне зейін қойын, ынталана тындадым. Əкем айтқан біркатар əнтімелердің ретін қағазға жазын алып отырдым.

Ыбыраш ақсақалдың əкеме қойған бір сұрағы: "Сіз 1937 жылы Маңғыстау аудандық атқару комитетінің төрағасы болын жұмыс жасап тұрғанда "халықжауы" деген жаламен тұтқындалдыңыз, одан 1954 жылы актальт, елге келіпсіз. Осы 17 жыл бойында басыңнан қандай жағдайлар, нендей киындыктар өтгі жəне сол кезде НКВД кара халыққа "халық жауы деп қарғы тағып, жапп?.й атын-асып жатқанда сен қалай тірі қалдың?"

"1936 жылы, — деп бастады əкем, — Кеңес Одағы өз Конституциясын қабындады. Бұл Конституция "Негізгі Заң" деп түсшдірілді. Жалтіы халықбірінші рет "Негізгі Заң" шықты ғой, енді толық демоқратия орнайды, 1927- 1933 жылдардағыдай халыққа зорлық-зомбылық, қысым- қысқыншылық болмайды" деп сеніп қалды. Алайда, халық қателескен болын шықты. Бұл Конституция ақиқатында, ел-халықтың басына түскен ауыртпалықтың төлқұжаты болды. 1937 жылы Москва, Ленинград, Алматы сияқты тағы баска ірі қалаларда бұрынғы əскери-саяси қызметтегі адамдарды "халық жауы" депұстап, тұрмеге қамап, тергеп, тексеріп, жала-айыптарын мойнына қойын, жазалап жатыр деп естідіқ. Бұл лаң бізге де жетті.

1937 жылғы қыркүйеқ айының орта кезінде Маңғыстау аудандық НКВД қызметқерлері мені де тұтқындады. 3 күн НКВД кеңсесінде күзетпен қамап отырғызып, кейін мотормен Гурьевқе жіберді. Гурьев түрмесінде қайта-кайта мазалап, əртүрлі сұрақтар сұрап, жауап алып жүрді. Мен біреуіне де түсінбедім. 2 ай өткесін тергеу, жауап алу қатаңсыды. Сол кездегі Маңғыстаудың басшы партия, совет қызметкерлері НКВД нұсқауымен жəне қысымымен өндіріс орындарына, колхоздарға арнаулы өқілдер жіберіп "Мендалиев — халық жауы. Ол үкіметтен Маңғыстау халқына жəрдемге бөлінген малды, астыкты, ақшаны талан- таражға салып, ел-халыққа татырмаған, сөйтіл, елдің күйсіреуіне, ашаршылыққа ұшырауына соқтырған" — деп қаулы алдырып, оны аудандық, облыстық газеттерге жариялатқан. НКВД осы газеттерде шыққан жала қаулыларды маған айыптайтын айғақ құжат ретінде пайдалануды қөздеген жəне солай етті де. Оның үстіне мені "КСРО-ның қазақстандық бөлігін Жапонияға беруге келісім жасаған адамдардың ішінде болғансың" деп кінəлайды. Қолдан жасалған жала еқендігі жас балаға да көрініп тұр. Ал мен занды дəлелдерімді қанша айтсам да, НКВД қызметкерлеріне тіпті түсіндіре алмай-аққойдым. Менің өзім бүрын сот, тергеу орындарында жұмыс жасаған, бұл салада тəжірибем бар адаммын, НКВД тергеушілеріне "Менің үстімнен қаралай жала жапқан адамдармен беттестіріңцер, ауызба-ауыз сөйлестіріңдер" десем, онымды құлақтарына да ілмейді. Сөйтіп, НКВД тегеушілерінің менің үстімнен жала жауып, каралаған қағаздарына қол қоймадым. Енді олар маған əбден өшікті, "Сен заң білетін адам екенсің, бəлем, саған занды көрсетейік" деп, бірнеше тəулік нəр татырмады. Талдырып, ұрып-соғудың неше түрін көрсетті. Үйқы көрсетпей, бірнеше күн тікемнен тік тұрғызып қойды. Адам тікесінен тік сыйып тұратындай ғана тар темір жəшікке салып, басыма төбенді тесер қара мұздай су сорғалатып, əбден азаптады. Сонда да əлгі айуандар бір-біріне "өлтіріп алмалық" деп есқертіп те қояды. "Атып тастасаң, бір өледі, одан да күнде осынайша азаптай берелік" деп шешіпті. 3 жылдың бойында "Менің ісімді тезірек қорытындына" деп 3 рет аштықжарияладым. Мұнымнан да ештеңе шықпады. Азаптау əрекеттерін жүргізе берді. Сонымен, Гурьевте НКВД-ның азап- тамұғында 3 жыл тергеуде отырдым.

1940 жылдың жаз айында бір күні тағы жауапқа шақырылдым. Келсем, жауап алуға дайындалып отырған — бұрын мен көрмеген тергеуші. Жай киім киінген жас жігіт. Аты-жөнімді, қашаннан бері түрмеде отырғанымды сұрады. Мен жағдайымды айттым. Бұл жігіттің алдында 5-6 жұқалау іс тікпесі "дело" жəне 2 қалың іс тігіндісі жатыр. Жігіт өзін маған таныстырды. Ленинградтың заң институтының соңғы курсының студенті екен, осы Гурьев НКВД-сынан материалдар жинақтап, дипломдық жұмыс жазуға қеліпті. Алдындағы екі қалың іс тікпесі менікі болды. Студент қағаздарын ашып отырып, маған сұрақ қойды: "Сізге мемлеқеттен Маңғыстау халқына 1931-1935 жылдары жəрдемге бөлінген малды, астықты, ақшаны халықка бермей, қасакана жойған, сөйтіп, Маңғыстау халкьг сіздің кесіріңізден ашаршылыққа ұшырап, басқа республикаларға жер ауып босып кеткен, көпшілігі жарты жолда аштан өлген" деген айып тағылыпты. Бұл заттардың, малдың жалпы құны бір миллион сом болтан…"

Мен Маңғыстау халқының тірі малы, тышкақ лағына дейін 1928-1931 жылдары кəмпескеге ұшырағанъш, тігерге тұяқ калдырмай түгел қеңес өкіметі алғасын, ел аштан босып басқа республикаларға көшуге мəжбүр болғанын, 1935 жылы үкімет каулысы бойынша Маңғыстау халқына көмекке бөлінген мал, астық түгелдей халыққа үлестіріліп, ашаршылықтан аман калган елдің өзегі жалғанғанын айттым.

Ол тағы мынаны мəлім етті: "1939 жылы Манғыстауға Гурьевтен НКВД шешімімен комиссия жіберіліп, қөрсетілген бір миллион сомды сіздің мойныңызға ілуге əрекетжасалған. Бірақ, ол комиссия Маңғыстау мемлекетгік банкісіндегі құжаттарды тексеріп, əлгі бір миллион сомның заңды документтері бар екенін жəне Меңдалиевтің ешқандай борышы жоқ екенін аныктаған. (Бұл теқсерудің қорытындысын НКВД маған айтқан жоқ еді. Кейіннен есітсем, бұл тексеруді жүргізген Мамаев Сейтім деген азамат екен). Студент маған сұрақ қойды: "Сен неге 3 жылға жақын НКВД тергеуінде отырсың, ал көптеген адамдарды 3-4 айдың ішінде-ақтергеуін бітіріп, ерекше "Үштік қаулы" бойынша атып тастаған, не болмаса лагерлерге жіберген. Мына істер солардікі" — деп, жұқа іс тікпелерді қөрсетті. "НКВД жендеттері атқан адамдар", — дедім мен. — Олар да, азаптау арқылы жалған жаламен айыпталғандар. Бұл адамдардың көпшілігі оқи, жаза білмейтін сауатсыз еді. Үйқысыздыққа, үнемі ұрып-соғу мен аштыққа төзбеген. Осыны пайдаланған НКВД адамдары сауатсыз адамдарға айыптау қағаздарына қол қойдыртудың ретін тапқан болар".

"Сіздің Маңғыстау ауданынан көп адам "халықжауы" деп айыпталып атылды ма?" — деп сұрады студент. "Жалғыз Маңғыстау ауданынан 400-дей адамның "халық жауы" деп жазаланғанын НКВД тергеушілері айтты. Ал Гурьев облысының қалған 3 ауданынан 200-дей қазақ азаматының "халық жауы" деп жазаланғанын түрмеде отырған жігіттермен кездесіп, аз-мүз сөйлескенде естідім" дедім мен. Əлгі тергеушімен 3-4 күн сөйлесіп, бойымды үйреткен соң енді мен де сұрақ қойғым келді. "Кеңес өкіметіңде ссылай жала жауып, басшы қызметкерлерді жəне жай адамдарды жаппай жойып жатканы неліктен?" — деп сүрадым. Студент жігіт ойланып отырып: "Кеңес өкіметінің казіргі қолданып отырған саясатынан болу керек", — деп жауап берді.

4-5 күннен кейін əлгі студент жігіт мені қайта шақырды. Біраз қағаздар жазыпты. Маған "Сіздің ісіңізбен толық таныстым. Басқа да адамдардың ісін оқыдым жəне сізді тергеген НКВД қызметкерлерімен сөйлестім. Енді сау болыңыз, қетемін" деді. 3 жылдың ішінде жылы сөз естігенім осы болды. Мүмкін, студенттің диплом жұмысын жазуына сауабым тигенде шығар…

Сонымен, мен түрмеде жата бердім. Жағдайға еш түсінбедім. 1940 жылы қазан айында мені Гурьев НКВД түрмесінің нəшəндігінің қеңсесіне айдап апарды. Отырғызды. Ішқі есіктен қойнында қағазы бар бір НКВД адамы еніп, стол қасында тұрып "Сен — халық жауы Мендалиев боласың ба?" — деді төтесінен. Мен "Азамат Мендалиев Алшын" еқенімді айттым. "Түрегел, тында", — деді ол, — 24 қырқүйеқ 1940 жыл. Ерекше үштік кеңесінің каулысы бойынша Мендалиев Алшын "халық жауы" деп есептеліп, 8 жылға бас бостандығынан айырылсын. Қатаң күшейтілген режимді лагерде ұсталсын, үштік мүшелері қол қойған, бітті", — деді. Гурьевтегі азап осымен тамам.

Арада 4-5 күннен кейін Уральсқ-Челябинсқ- Новосибирскпереселен (жер аударылғандар) тұтқын пунқттері арқылы Красноярск өлкесінің Иланск күшейтілген тұтқын лагеріне айдалып бардым. Осылайша 1940 жылдың соңғы айларынан бастап күшейтілген режимді түтқын лагерлеріндегі азапты өмірім басталды. 1941 жылдың басында қатты ауырып, лагерь ауруханасына түстім. Дəрігер қарап тұрады. Бір күні емдеуші дəрігерден қай каланың адамы еқенін сұрадым. Ол қісі Астрахань қаласынан еқен. Мен Гурьев облысындағы Форт- Алеқсандровскіден екенімді айттым. Сөйтіп, жерлес болдық Пайдасы тиіп тұрды. Келген сайын осы дəрігерім жағдайымды сұрап, жылы ұшырай амандасып тұрады. Ауруханада жатқанда арықтығы жетіп, əбден титықтаған адамдар есебіне тірқеп, тəуірлеу тамақ алуыма көмек көрсетті. Лагерьде партия, Совет қызметінде басшы болғандар, ірі өндіріс орындарының басшылары болтан маман-инженерлер кездеседі. Оңашада кеңес үкіметінің осындаи сұрқия саясаты жөнінде пікірлесіп тұрамыз. Ішімізде НКВД тыңшысы бар ма деп те қорқамыз, сондықтан өте сақ жүруге, беталды сөйлемеуге дағдыландық.

1941 жылы шілде айының басында ойламаған жерден тұтқындарды жұмысқа шығармады. Лагерь аймағында қарауыл күшейтілді. Радио сөйлеуден сап тиылды. Сыртган еш хабар-ошар білмедік. Бір кезде "Кеңестер Одағы бір шетелмен соғыс бастапты" деген қауесет хабар тарады. Біразға шейін лагерь бастықтары көрінбеді. Оншақты күн өтқен соң түсқі тамақтан кейін лагерь бастықтары барлығымызды жинап, жиналыс ашты. Сапқа тұрғызды да бір-бірімізбен сөйлеспеуге бұйрық берді. Бұрынғыдан да қөп қарулы қарауыл тұтқындарды жағалай қоршап тұрды. Бірнеше адам ортадағы ағаш мінбеге қөтерілді. Жиналыс басталды. Баяндамашы 1941 жылы 22 маусым күні фашистік Германия əскерлері соғыс жарияламастан Кеңестер Одағының шекарасын бұзып кіргенін, совет əскерлерінің қатал жаумен жан аямай қарсыласып жатқандығын, бірақ жаудың əсқери техниқасы күшті, қатерлі екенін айтты. Сөйтіп, митинг соңында ортақжауға соқкьі беру үшін тұтқындар да аянбай еңбек етіп, жұмыс нормасын бұрынғыдан да асыра орындау керек екенін есқертті. Ертесіне бұрынғы дағды бойынша жұмысқа шықтық. Жұмыс нормасын əдеттегіден 25 процентке жоғарылатыпты.

Қыркүйек айының бас кезінде "Фашист армиясы КСРО-ның батыс бөлігіндегі бірнеше қалаларды басып алыпты" деген хабарды естідік. Лагерь бастыктары кенеттен бірнеше адамды бізден бөліп, баска жакқа алып кетті. Кейін есітсек, бұл адамдарды Кеңес өкіметіне "аса қауіпті" деп тауын, біздегіден де қүшейтілген режимді лагерьге апарып қамаған екен. Лагерьге тағы да жаңа адамдар келіп, лагерь бастығы, оның коменданттары болып жиналыс ашты. "Лагерьдегі жасы 45-ке дейінгі адамдардың ерікті түрде кеңес армиясына барып, неміс басқыншыларынан Отанды қорғаймын десе хақысы бар, лагерьден босатылып, ақталады. Арыздарыңызды жазбаша түрде берулеріңе болады" — деді. 10-15 күннен кейін əскери дəрігерлер мен арнайы комиссия келіп, көптеген адамдарды əскерге алып кетті. Біздегі адамдар сирегеннен кейін жақын мандағы 2-3 лагерьді біріктірді. Жұмыс бұрынғыдан бетер ауырлады, тамақ нашарлады. Лагерьдегілер ауыр жүмыстан титығы құрып, ауырьпт, алды аштан еле бастады. Осылай өлмешінің күнін кешіп жүргенімізде, 1945 жылы мамыр айында "Орыс- неміс согысы аяқталыпты, Кеңестер Одағы жеңіске жетті" деп естідік. 1945 жылы қыркүйек айында бірнеше адамды тұтқыннан босатты, арасында мен де бармын. Елге баруға ұлықсат етіліп, құжаттарымызды алып, ақталып, елге келдік-ау!

Елге, Таушыкқа келіп жүргенімде Сəдуақасов Бəшен деген кісінің бір сөзінен секем алдым. Ол əңгімесінің артын əзілге айналдырғандай да сыңай танытты. Сонда мен өзімнің əлі де КГБ бақылауыңда екенімді ұқтым. Маңгыстау ауданында шаруашылықтан тəжірибесі бар адамдарды 1937-1938 жылдары НКВД атын тастаған, одан калган бас көтерер 4-5 мың адам 1941-1942 жылдары соғыска жіберіліп, басым көпшілігі жау оғынан мерт кеткен. Елге соғыстан жараланған аздаған мүгедек адамдар келген екен. Ал, бұл кезенде Маңғыстауда мал саны едəуір өскен тұс еді. Енді малды Үстірт, Сам жерлеріндегі бос жатқан қонысқа орналастыру үшін ол аймақтағы жер, су жағдайларын білетін азаматтар жоқтың қасы. Сөйтіп, аудандық ауылшаруашынық бөлімі колхозаралық суландыру бірлестігін құрып ("құдық бригадасы" деп аталады) Маңғыстаудағы, Үстірттегі, Самдағы жайылымы бар өңірлерде бұрын пайдаланылып қелген, ал 1928 жылы малды жаппай кəмпескелегеннен кейін, ел ашаршылықтан көшіп кеткесін 1948 жылға дейін пайдаланылмай калган құдықтарды анықтауға жəне аршын тазартуға колхоздармен шарт жүзінде жұмыс жасауға шешім қабылдады. Бұған мені жүмсады. Бұл жұмыс қейін Гурьев облыстық су шаруашылығы мекемесінің қарауына қөшірілді. Сонымен, Маңғыстау ауданының колхоздары жұмыс беруші (заказчик), біздер сол жұмысты орындаушы (подрядчик) болып жүмысқа кірісіп кеттік.

1948 жылы күз айында Таушыққа барып жүргенімде Мангыстау аудаңдық КГБ-сының қызметкерлері мені қайта тұтқындады. Сонымен, тағдырдъщ басқа салған тауқымет- тауанына тагы көніп, 1949 жылдан бастап Новосибирск облысының терістігіндегі Михайловск ауданына өмірлікке жер аударылып қете бардым. Бұл өлке əуелден Ресейдегі өмірлік жер аударылғандардың мекені екен. КГБ менен Михайловск ауданының көлемінен əрі шəк баспау туралы қолхат алды жəне мезгіл-мезгіл түгендеп тұратын болды. Осы жер аударылған адамдардың қөпшілігі мен сияқты 1941-1945 жылдардағы орыс-неміс соғысы кезінде лагерьден босанғандар, əскери "плендер" жəне Кеңес үкіметіне карсы дұшпандық əрекетпен айналысты деген жала күмəнмен түтқынданғандар екен.

1954 жылы қыркүйек айында "Сібірге өмірлік жер аударылған" адамдардың бірқатары жазықсыз жазаланғандар көрінеді, сондыктан оларды елге жібереді" деген қарлығаш хабар естілді. Сөйтіп, 1954 жылы қараша айында тағы да түгқыннан босанып, туған жеріме — Маңғыстауға қелдім. Алдымда тағы кандай өмір қиындығы күтіп тұр? Ол жағы бүлыңғыр, көңілде күдік, көз қорқып калган. Енді естіміш хабар бойынша мен сияқты жазықсыз жазаланған адамдар жоғаргы орындарға арыз беріп, бұрынғы азаматтық хұқықтарын, кейбіреулері партиялық істерін қайта каратып, партбилеттерін алыпты деген лакал құлағымызға жетті. Гурьев обкомына арызданып, мен де 1956 жылы партбилетімді алдым. Осындай азапты өмір кешіп, айдауда азып-тозыпжүргендежасым алпыстан аскан екен. Казір елге келіп, отбасыммен бірігіп, ағайын арасында жүргеніммен, Кеңестер үкіметінің жойқын режимі көрсеткен қорлық, зорлық-зомбылық жан-жүрегімде өмірлік шерлі шемен болып қатып калды…

Əкемнен жеткен асыл сырлар жиынтығының баска тақырыптағы қөптеген əңгімелерін жинақтап жазуға білім шарқым жеткіліқсіз болды. Осы қағазға түсірілген естеліктер Ыбыраш пен Алшын карт əңгімесінің көп болса үштен, иə болмаса төрттен бірі болар-ау. Сонымен, екі ақсақал 3 қүнге созылған əңгімесін аяқтаған еді…

Бурабек АЛШЫНҰЛЫ